Алматыда Әл-Фараби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысы уақытша жабылады
Жарияланған күні:
Алматыда Сейфуллин даңғылынан әл-Фараби даңғылына шығатын жолайрық түнде жабылады. Оған магистральдік құбыр желісіндегі жөндеу жұмыстары себеп болған, деп хабарлайды "Алматы жылу желілері" ЖШС-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Компанияның ақпаратына сәйкес, 3 қазанда сағат 22:00-ден 4 қазан сағат 08:00-ге дейін Бостандық ауданында көрсетілген жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
"Сейфуллин даңғылы бойымен солтүстік және оңтүстік бағыттардағы қозғалыс өзгеріссіз сақталады. Уақытша шектеулер магистральдық құбыр желісіндегі жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі, - делінген ресми хабарламада.
"Алматы жылу желілері" өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін алматылықтардан кешірім сұрап, жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2293515-almatyda-al-farabi-men-seifullin-koshelerining-qiylysy-uaqytsha-zhabylady/