jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Қаламен байланыс үзіледі": Тараз іргесіндегі тұрғындар жалғыз көпірдің тозғанын айтып, дабыл қақты

Көпір
Көпір. Кадр: "Алматы" арнасы

Тараз қаласы іргесіндегі станция тұрғындары "қаламен байланыс үзілетін болды" деп алаңдап отыр. Себебі Шайқорық тұрғын алабындағы жалғыз көпір әбден тозған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шайқорық станциясындағы шағын өткелді тұрғындар 20 жыл бұрын салған. Қазір бетондарында жарықшалар пайда болып, әр жерден тесіле бастаған. Жұрт өз бетінше шағыл тас төсеп, жөндегенімен нәтиже болмай отыр.

"Шайқорықтың адамдары айналып жүрмейді, осы жермен шығады. Сабаққа да көпір арқылы барады. Ол сынса, халық өткелсіз қаламыз. Екі-үш рет жиналысқа бардық. Әкім құрғақ уәде береді", – деді қала тұрғыны Рахат Шахаев.

Жұрт жақтауы мен қоршауы жоқ өткелден өту аса қауіпті екенін айтты. Әсіресе қыстыгүні жер тайғақта бірнеше көлік су арнасына құлап кеткен. Сондықтан автобус пен жедел жәрдем мұнда келуді қойған.

"Былтыр суға 3 машина түсіп кетті. Көшедегі адамдар тартамыз, шығарып жатырмыз", – деді қала тұрғыны Райымбек Жанысбаев.

Ал қала билігі станция биыл ғана қала құрамына енгенін айтты. Ол бұған дейін Жамбыл ауданына қарайтын. Сондықтан енді көңіл бөлмек. Дегенмен жаңа өткелді салу жұмысы тек алдағы жылдары қолға алынады.

"Ауыл қалаға жаңа қосылды. Алдыңғы жылға смета жасап көрейік. Ол қолдау тапқан жағдайда, алдағы жылдары жасаймыз. Бірақ оны күтпей, 1-2 аптада қалыпқа келтіріп, тұрғындарға жағдай жасауымыз керек", – деді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Жарқынбек Шоғалов.

Таразда қазір бірнеше көпір апатты жағдайда тұр. Бірі аудандармен жалғаса, енді бірі шаһарды Алматы бағытына апарады. Оны қайта жаңғырту үшін 5 миллиард теңгеден аса қаржы қажет.

Авторлар: Нұрғиса Қаржаубай, Мейіржан Бейсебай

"Қаламен байланыс үзіледі": Тараз іргесіндегі тұрғындар жалғыз көпірдің тозғанын айтып, дабыл қақты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.