jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Көлік министрлігі ұшқыштардың үндеуінен кейін Qazaq Air компаниясына талап қойды

Qazaq Air ұшағы
Qazaq Air ұшағы. Көрнекі фото: flyqazaq.com

Көлік министрлігінің өкілдері Qazaq Air ұшқыштарының компания басшылығына жасаған үндеуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, ұшқыштар әуе компаниясының басшылығына келесідей талаптар қойды:

  • түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау;
  • командирлердің жалақысын көтеру;
  • екінші пилоттардың жалақысын көтеру;
  • барлық пилоттар үшін төлемді арттыру.

"Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді", - делінген Көлік министрлігінің хабарламсында.

Ведомство өкілдері Qazaq Air әуе компаниясының 49 %- ы Sovico тобына, тағы 49% -ы Самұрық Қазынаға, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі екенін еске салды.

Айта кетейік, 11 қазанда QazaqAir әуе компаниясының Қостанайдан Астанаға бет алған ұшағы шассиден шыққан ақауға байланысты әуеге көтерілмей жатып тоқтауға мәжбүр болған еді. Әуе компаниясы жағдайға қатысты түсінік берді.

Көлік министрлігі ұшқыштардың үндеуінен кейін Qazaq Air компаниясына талап қойды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.