jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ШҚО-дағы танымал асуда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

асу
Асу. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

ШҚО-дағы Осинов асуында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"2025 жылғы 5 қараша сағат 08:00-ден бастап Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Бұл шара Осинов асуындағы күрделі тау жағдайларына байланысты жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр", - делінген хабарламада.

Шектеу республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46-66 шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы аралығы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанға дейін енгізіледі.

"ҚазАвтоЖол" өкілдері жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қызметтерінің талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

ШҚО-дағы танымал асуда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.