jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

2026 жылғы діни күндер кестесі бекітілді: келесі жылы Ораза қашан басталады

Тәспі тартып отырған ер адам
Тәспі тартып отырған ер адам. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. 

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 2026 жылғы 19 ақпанда басталады. Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге түсіп тұр.

Ал Ораза айт – 20 наурызға, Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келіп отыр.

2026 жылғы діни күндер кестесі
2026 жылғы діни күндер кестесі. Фото: muftyat.kz

2026 жылғы діни күндер кестесі бекітілді: келесі жылы Ораза қашан басталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.