jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Тұман мен көктайғақ: 3 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылады

Тұман
Тұманды ауа райы. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында көктайғақ пен тұман болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ пен тұман болуы ықтимал.

Тұман мен көктайғақ: 3 желтоқсанда еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.