jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан Air Astana ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болды

Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы. Фото: t.me/PR_AirAstana

18 желтоқсанда Алматы – Бангкок бағыты бойынша рейсті орындайтын ұшақ Делиге қонды, оның себебін Air Astana әуекомпаниясы өкілдері түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуекомпаниясының мәліметінше, 18 желтоқсанда Алматы – Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшақ техникалық себеппен Дели әуежайына қонды.

"138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан 01: 00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05: 51-де Делиге қонды.

Барлық жолаушыға тамақ беріледі, уақытша визалар ресімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік борт дайындалуда.

Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компаниясы үшін сөзсіз басымдыққа ие", - делінген ресми хабарламада.

Air Astana өкілдері әуе компаниясының +7 7027020074 WhatsApp жедел желісі бойынша хабарласуға болатынын еске салып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 17 желтоқсанда Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағы салонда түтін шығуына байланысты апаттық сигнал бергенін хабарлаған едік.

Кейін әуекомпаниясы Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақтағы төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан Air Astana ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram