ШҚО-дағы тағы бір ауылда ауа температурасы -50 градустан төмендеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
ШҚО-да қатты аяз сақталып отыр. Өңірдегі ауылдардың бірінде ауа температурасы -56 градусқа дейін төмендеген, деп хабарлайды YK-news.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жергілікті басылымның жазуынша, әкімдіктің мәліметінше бүгін, 17 қаңтарда таңертең Марқакөл ауданындағы Шағанатты (бұрынғы Орловка) ауылында -56 градус тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ШҚО-ның Алтай ауданындағы Парыгино ауылында ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендегені белгілі болған еді. 15 қаңтарда елді мекенде -45 градус болған.
Ауылдық округ әкімі Ғани Түлековтің айтуынша, Парыгино тұрғындары мұндай қатты аязға күні бұрыннан дайындалады. Әлеуметтік нысандар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, жұмыс барысында іркіліс тіркелмеген. Жағдай тұрақты бақылауда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2332430-shqo-dagy-tagy-bir-auylda-aua-temperaturasy-50-gradustan-tomendedi/