jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Ақтөбеліктер наурыз айында қоғамдық көлікте 3 күн тегін қатынай алады

қоғамдық көлік
Қоғамдық көлік. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Наурыз айындағы мерекелерде және референдум өтетін күні ақтөбеліктер қоғамдық көліктерде тегін жүре алады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Ақтөбе қаласы әкімінің қаулысына сәйкес 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде нәзік жандылар қалалық автобустарда тегін қатынайды.

Сондай-ақ республикалық референдум өтетін күні (15 наурыз) және Ұлыстың ұлы күні (22 наурыз) барлық тұрғын мен қала қонақтары қалалық автобустар тегін жүре алады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда қасиетті Рамазан айында тарауық намазынан кейін тегін қоғамдық көлік қатынайтынын жазған едік.

Тегін автобус қатынасы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған.

Ақтөбеліктер наурыз айында қоғамдық көлікте 3 күн тегін қатынай алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.