jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстандағы Burger King-ке қатысты шу: министрлік тексеру қорытындысын жария етті

Бургер және фри
Бургер және фри. Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті QSR ЖШС-не (Burger King) қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру қызметкердің өтініші негізінде жүргізілген. Сонымен бірге тексеру барысында өтініш берушінің уәждері толықтай расталған.

Еңбек министрлігі жұмыс беруші тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын жүйелі түрде сақтамау фактілері анықталғанын жеткізген. Атап айтқанда, жұмыскерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұстап қалу, жалақыны жүйелі түрде кешіктіру, нақты жұмыс істеген уақытты есепке алмау және мереке әрі демалыс күндеріндегі еңбекақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу талаптарын сақтамау фактілері тіркелді. Сонымен қатар ауысым кестелері жұмыскерлерге заңмен белгіленген мерзімдерді бұза отырып жеткізілген.

"Сондай-ақ инспекторлар компанияның жұмыскерлерді қажетті арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етпегенін, ал персоналдың еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалардан өтпей-ақ өз міндеттерін орындауға жіберілгенін анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша QSR ЖШС-не барлық анықталған бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама берілді. Заңды тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87, 93 және 94-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жағдай жұмыскерлердің еңбек құқықтары толық қалпына келтіріліп, берілген нұсқамадағы шаралар орындалғанға дейін мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылауында болады", - делінген хабарламада.

Қазақстандағы Burger King-ке қатысты шу: министрлік тексеру қорытындысын жария етті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.