jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

LRT билетінің бағасы 200 теңге болуы мүмкін

LRT құрамы
LRT құрамы. Фото: Астана әкімдігі

Астана әкімдігі LRT-де жол жүру билетінің бағасын 200 теңге деп белгілеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ашық НҚА" порталында Астана қаласының әкімдігі әзірлеген "Қаладағы жеңіл рельстік көлікпен (LRT) жолаушылар мен жүкті тасымалдау тарифі туралы" қаулы жобасы жарияланған.

Жобада жеңіл рельстік көлік желісінде бір сапарға билет құнын 200 теңге деп белгілеу ұсынылған. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі.

Сонымен қатар қаулы жобасында 2017 жылғы 20 шілдедегі №167/21-VI Астана қалалық мәслихатының шешімі бойынша, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтар қоғамдық көліктегі төлемнен босатылатыны айтылған.

Жоба 27 наурызға дейін қоғам талқылауында болады.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әкімдігі Жеңіс Қасымбек LRT жақын айларда іске қосылатынын айтқан еді. Оның сөзінше, LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды.

LRT билетінің бағасы 200 теңге болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.