ІІМ әкімшілік істер бойынша рақымшылыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ішкі істер министрлігі әкімшілік істер бойынша рақымшылыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство бірнеше күн бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы бастама көтергенін еске салды.
Бұл шара азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін жекелеген қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларға қатысты қолданылады.
"Ел тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасау қарастырылып отыр. Оның аясында жеке тұлғалардың орындалмаған әкімшілік айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мәселесі қаралады.
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі Әділет министрлігімен бірлесіп, рақымшылықты жүзеге асыру тетіктерін әзірлеп жатыр. Құқық бұзушылық түрлері, рақымшылық қолданылатын тұлғалар санаты, айыппұлдарды есептен шығару көлемі мен тәртібі тиісті заң жобасын әзірлеу барысында нақтыланады", - делінген хабарламада.
Ведомство рақымшылық ең қауіпті қылмыстарды жасаған тұлғаларға қолданылмайтынын нақтылады. Олардың қатарына террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар, сондай-ақ азаптау фактілері жатады.
Бұдан бөлек, рақымшылық қайта қылмыс жасағандарға және әділ соттан жалтарып жүрген адамдарға қолданылмайды.
"Рақымшылық жасау туралы заңды парламенттік сессияның соңына дейін қабылдау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2356355-iim-akimshilik-ister-boiynsha-raqymshylyqqa-qatysty-mangyzdy-malimdeme-zhasady/