jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Дубай, Сингапур, Хайнань: Алатау қаласын дамыту үшін әлемдегі үздік қалалар тәжірибесі қарастырылған

Алатау қаласының макеті
Алатау қаласының макеті. Фото: : primeminister.kz

Алатау қаласын дамыту үшін Хайнань Сингапур, Дубай және Доха сияқты қалалардың тәжірибесі қарастырылған. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Алатау жобасы дербес экожүйе ретінде қарастырылады.

"Ол жеке қаржылық модельге, арнайы басқару режиміне және жаңа институционалдық негізге сүйенеді. Заң жобасын әзірлеуге жетекші халықаралық сарапшылар тартылды. Сарапшылар арнайы әкімшілік және экономикалық аймақтар арқылы қалаларды дамыту бойынша әлемдік тәжірибені зерттеді.

Атап айтқанда, Шэньчжэнь, Хайнань (Қытай), Седжон мен Сонгдо (Корея), сондай‑ақ Сингапур, Дубай және Доха сияқты қалалардың тәжірибесі қарастырылды", - деді ол.

Бозымбаевтың сөзінше, Шэньчжэнь мен Хайнань тәжірибесі – бұл өңірлерде жергілікті әкімшіліктерге кең өкілеттіктер берілгенін көрсеткен. Олар салық режимдерін бекіте алады, жеңілдіктерді әкімшілендіреді және инвестициялық қолдауды басқарады. Нәтижесінде шешімдер жедел қабылданады, орталық органдармен функциялары қайталанбайды.

"Хайнань провинциясы одан да кең экономикалық өкілеттіктер алды. Осы жылдан бастап Хайнань жаңа сауда және инвестициялық хаб ретінде жарияланды.

Осыларды ескере отырып, Алатау қаласында да әкімшілік салық режимдерін бекіту, жеңілдіктерді және инвестициялық қолдаудағы дербестікті енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл әсіресе Қазақстанда әлі толық енгізілмеген жаңа салалар үшін маңызды", - деді спикер.

Бозымбаев "төмен биіктіктегі экономика" бағытында 3 мың метрге дейінгі әуе кеңістігін пайдалану сияқты жаңа мүмкіндіктер қарастырылатынын атап өтті.

"Дубайдың арнайы экономикалық аймағының тәжірибесі бір орталықтан мемлекеттік қызметтерді, бақылауды және әкімшілендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл тетік бизнес‑лицензияларды беруді де қамтиды.

Сингапур тәжірибесі ұзақ мерзімді 50 жылға дейінгі стратегиялық құжаттардың маңыздылығын көрсетті. Инвесторлар үшін түсінікті әрі тұрақты ережелер қажет.

Сондықтан қаланың да стратегиялық құжаттары ұзақ кезеңге қабылдануы тиіс. Осындай құжаттарға кемінде 5-10 жыл өзгеріс енгізілмеу қажет", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Бозымбаев инвесторлардың келмеу қаупін болдырмау үшін оң тәжірибеге ғана емес, сонымен бірге сәтсіз мысалдарға да талдау жасалғанын айтты.

"Өйткені Алатау құрылғаннан бастап қаланың әлеуетіне инвесторлардың қызығушылығы жоғары болып отыр", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде жалпы құны 1,8 трлн теңге болатын алғашқы 44 инвестициялық жоба ұйымдастырылған. Бұл – 30 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді және қаланы ғылым, туризм, медицина және инновациялар орталығы ретінде дамытуға негіз болады.

Алға қойған мақсаттар іске асқан жағдайда, халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай Алатау қаласының өңірлік жалпы өнімі 50 млрд АҚШ долларына дейін жетеді деп күтіліп отыр.

Дубай, Сингапур, Хайнань: Алатау қаласын дамыту үшін әлемдегі үздік қалалар тәжірибесі қарастырылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.