БҚО-дағы аудандардың бірінен ұшқышсыз ұшу аппараты табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Батыс Қазақстан облысынан тағы бір ұшқышсыз ұшу аппараты табылды, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ауыл маңында құлаған ұшқышсыз ұшу аппараты туралы ақпарат пен оның фотосы жарияланған.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті ақпаратты растаған.
Ведомствоның мәліметінше, Ақжайық ауданында "ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсайтын заттар" табылған. Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
"Нысан елді мекеннің аумағынан тыс жерден табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеген полиция департаментінен.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында мұндай ұшатын аппараттардың табылуы алғаш рет емес.
Былтыр ақпанда Бөкейорда ауданына қарасты Ұялы ауылының аумағында барлауға арналған ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас беймәлім ұшқыш нысан табылған еді.
Кейінірек 18 наурызда Тасқала ауданындағы Атамекен ауылының тұрғындары ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайтын нысанның табылғанын хабарлады.
25 наурызда БҚО-да ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас тағы бір нысан табылды.
Маусым айында Қорғаныс министрлігінің өкілі БҚО-дан табылған ұшқышсыз ұшатын аппараттар кімге тиесілі екенін айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2357907-bqo-dagy-audandardyng-birinen-ushqyshsyz-ushu-apparaty-tabyldy/