Алматыға Қазақстанның бірнеше аймағынан полицейлердің не үшін келгені белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген полиция қызметкерлерінің қатысуымен "STOP бұзушылық" ауқымды операциясы басталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ІІМ-нің ведомстволық сайтының жазуынша, "STOP бұзушылық" жедел-профилактикалық іс-шарасы 1-10 сәуір аралығында өтеді.
Іс-шараға Астана қаласынан, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан келген қосымша күштер тартылған.
Күшейту шаралары құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыруға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және мегаполистегі жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
"Операция барысында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, арандатушылықтың жолын кесуге және қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген деректеріне жедел әрекет етуге ерекше назар аударылады", - деп жазады басылым.
Басылымның мәліметінше, "STOP бұзушылық" іс-шарасын өткізу криминогендік ахуалды тұрақтандыруға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы көшелерінде полиция көліктерінің көбейгенін, оның ішінде Қазақстанның басқа өңірлерінен келген патруль көліктері байқалғанын жазған едік. Ішкі істер министрлігі мән-жайды түсіндірген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2360781-qazaqstannyng-birneshe-aimagynan-politsiia-qyzmetkerlerining-almatyga-ne-ushin-kelgeni-belgili-boldy/