jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстанда тағы бір жасөспірім жоғалып кетті

Радик Юсупов
Радик Юсупов. Фото: instagram.com/poisk_region_10

Қазақстанда тағы бір жасөспірім жоғалып кетті, бұл жолы – Қостанайда. Полиция қызметкерлері мен еріктілер 14 жастағы баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанайда 1 сәуірде сағат 13:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, оралмаған 2011 жылы туған Радик Юсуповты іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Полиция қызметкерлері ауқымды іздеу операциясын жүргізуде: бала жүруі мүмкін бағыттар қаралып, көпшілік жиналатын орындар тексеріліп, туыстары, достары және сыныптастарынан сұрастырылып жатыр.

Барлық полиция қызметкері тартылды. Ұлттық гвардия, әскери бөлім және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясының курсанттары іздеу жұмыстарына жіберілді.

"Полиция жасөспірімнің қайда екені туралы кез келген ақпараты бар адамнан дереу 102 нөміріне хабарласуды сұрайды", - дейді Қостанай облыстық полиция департаменті өкілдері.

Еске сала кетейік, кеше, 1 сәуірде Қарағанды облысында 13 жастағы бала жоғалғаны хабарланды. Қуанышқа орай, ол аман-есен үйіне оралды. Жасөспірім Абай қаласынан 15 км қашықтықтағы даладан табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады.

Қазақстанда тағы бір жасөспірім жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.