jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыдағы көшелердің бірі екі аптаға жуық уақытқа жабық болады

жөндеу жұмыстары
Жөндеу жұмыстары. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жол жөндеу маусымы басталды. Осыған байланысты Жетісу көшесінің бір бөлігі екі аптаға жуық уақытқа жабылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ AlmatyJoly-на сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, 8 сәуір сағат 8:00-ден 20 сәуір сағат 8:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Янушкевич көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс ішінара шектеледі.

"Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жабық болатын жолдың сызбасы
Жабық болатын жолдың сызбасы. Фото: t.me/AlmatyJoly/2102

Алматыдағы көшелердің бірі екі аптаға жуық уақытқа жабық болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.