jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

84 жастағы Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов. Фото: YouTube/Aman Tasygan LIVE

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов ауруханаға түсіп қалды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ хабарлады.

"Халқымыздың қаһарман ақыны, әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азаматы Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Тек қана қазақ қана емес, бүкіл түркі әлемін де мойындатқаны өтірік емес.

Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткенінің өзі не тұрады! Айтар болсақ ол кісінің елге жасаған қызметін санап тауыса алмаспыз.

Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ, денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!", - деп жазды ол.

Мұхтар Шаханов - 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде корректор, әдеби қызметкер, "Лениншіл жас" газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды.

КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды.

1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды.

2003-2004 жж. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "ХХІ ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының президенті қызметін атқарды.

2004 жылы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты болды. Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған.

84 жастағы Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.