jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Астанада көшелердің бірі екі апта бойы жабық болады

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 10-25 сәуір аралығында Ж.Нәжімеденов көшесінің А-52 көшесінен С. Шәймерденов көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік мәліметінше, осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Көрсетілген учаскеде жол кептелісін азайту мақсатында қатар жатқан А.Байтұрсынұлы көшесі арқылы қатынауға болады.

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады", - деп қосты әкімдік өкілдері.

Астана әкімдігі
Сызба: Астана әкімдігі

Астанада көшелердің бірі екі апта бойы жабық болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.