jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Алматы әуежайы алдағы күндері төлқұжат тексеру аймағында техникалық жұмыстар жүргізілетінін ескертті. Осыған байланысты әуежай өкілдері жолаушыларды қарбалас кезінде кезекте көп тұрып қалмау үшін әуежайға ертерек келуді ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 9 сәуірден бастап 10 күн бойы Т2 терминалының ұшу қабатында, паспорт тексеру аймағына жақын жерде, төбеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстары таңғы 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жалғасады. Бұл ретте жолаушылардың кіруі және өтуі қамтамасыз етіледі.

"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Аталған жұмыстар – терминалдың жайлылығын арттыруға бағытталған жоспарлы шаралардың бөлігі. Жол жүруді жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз, себебі қарбалас сағаттарда кезек пайда болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.