jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

100-ден астам шебер қатысады: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

Таразда өнер мен дәстүр жаңғырады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешенінде "Тараз – қолөнершілер қаласы" Халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады.

Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау және қайта жаңғырту.

Таразда өнер мен дәстүр жаңғырады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фестивальға шетелден (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан), көрші өңірлерден (Алматы, Түркістан) келетін және жергілікті 100-ден астам шебер қатысады.

Фестиваль аясында көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлау мақсатында "Тараз – қолөнершілер қаласы. Дәстүр мен заманауи қолөнер" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция, қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары, "Менің әлемім: қиял мен шынайылық" атты жас қолөнершілер мен суретшілердің көрмесі өтеді.

Одан бөлек, сән мен дәстүрді тоғыстыратын "ASPARA FASHION WEEK" халықаралық сән апталығы, "Гиннес" рекордтар кітабына енген киіздің жанында "Dombyra Party" іс-шарасы, ұлттық нақыштағы киімдердің сән көрсетілімі және өнер жұлдыздарының гала-концерті ұйымдастырылады.

Таразда өнер мен дәстүр жаңғырады
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фестивальге қатысушы қонақтарға көрме бұйымдарын сатып алуға және Тараз қаласындағы тарихи-мәдени орындарға экскурсия жасауына толық мүмкіндік қарастырылған.

Бұл күндері Тараз ұлттық дәстүр мен шалқыма шабыттың тоғысқан ортақ мекеніне айналмақ.

100-ден астам шебер қатысады: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.