jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр (фото)

Кафеге заңсыз салынған нысанды сүру
Кафеге заңсыз салынған нысанды сүру. Фото: Алматы әкімдігі

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Дүйсенов көшесінде орналасқан "Эмиль" кафесіне заңсыз салынған қосалқы нысанның сүріліп жатқанын мәлімдеді. Сот шешіміне сәйкес, аталған нысан заңсыз деп танылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша іс материалдары Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Соның негізінде әкімшілік шаралар қабылданған.

Кафеге заңсыз салынған нысанды сүру
Кафеге заңсыз салынған нысанды сүру. Фото: Алматы әкімдігі

Сот қаулысына сәйкес, меншік иесі кафеге заңсыз тұрғызылған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзуға міндеттеліп, қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Кафеге заңсыз салынған нысанды сүру
Кафеге заңсыз салынған нысанды сүру. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қалалық сотының биылғы 8 қаңтардағы қаулысына сәйкес, бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Нысанды бұзу жұмыстары бүгін басталды.

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.