jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелеріне өзгеріс енгізіледі: ІІМ мәлімдеме жасады

Жүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі. Иллюстрациялық фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесе отырып, жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, ұсынылып отырған түзетулер рәсімдердің ашықтығын арттыруға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Атап айтқанда, емтихан тапсыру әрекеттерінің санына қойылған шектеуді алып тастау көзделіп отыр.

Сондай-ақ практикалық емтиханды мерзімінен бұрын әр 10 күн сайын ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі енгізіледі. Одан бөлек 30 күнде бір рет тегін қайта тапсыру құқығы сақталады.

Сонымен қатар цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылмақ. Емтихан қабылдау процесін автоматтандыру деңгейін арттыру және адам ықпалын барынша азайту бойынша шешімдер пысықталып жатыр.

Ведомство медиа-порталының жазуынша, мұндағы басты міндет — көлік жүргізу дағдыларын объективті бағалауды қамтамасыз ету, баршаға тең жағдай жасау және кез келген заң бұзушылыққа жол бермеу.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу ережелеріне өзгеріс енгізіледі: ІІМ мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.