Air Astana Астанадан бизнес-класпен ұшқалы жатқан жолаушыларға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Air Astana әуекомпаниясы Астанадан бизнес-класпен ұшқалы жатқан жолаушылар үшін маңызды хабарландыру жасады, деп жазады әуе тасымалдаушысына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Компанияның мәліметінше, 18 сәуір күні 02.00-де Астана әуежайындағы The Shanyraq бизнес залы кондиционер жүйесін жөндеу үшін уақытша жабылады.
"Ыңғайсыздық тудырғанымызға кешірім өтінеміз әрі түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында елорда әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін жазған едік.
Осыған байланысты FlyArystan әуекомпаниясы Астанадан ұшатын жолаушыларға үндеу жасаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2366874-air-astana-astanadan-biznes-klaspen-ushqaly-zhatqan-zholaushylarga-undeu-zhasady/