jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда салынатын екінші АЭС қайда орналасады және ол қалай аталады

Атом электр станциясы
АЭС. Иллюстрациялық фото: Harald Freudenmacher/Getty Images

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда салынатын екінші АЭС қайда орналасатынын және ол қалай аталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Иә, екінші станцияға қатысты шешім қабылданды. Екінші станция да Балқашта орналасады. Қазіргі уақытта үш перспективалық алаң зерттеліп жатыр. Талқылау қорытындысы бойынша сіздерге нақты қай жерде орналасатынын міндетті түрде хабарлаймыз.

Екінші атом электр станциясының жұмыс атауы да бар. Ол "Мойынқұм" АЭС-і деп аталады, яғни орналасқан жеріне байланысты. Сондай-ақ онда қуаты 1200 (МВт – ред.ескертпесі) болатын екі блок салу жоспарланған.

Қазіргі уақытта біз әлеуетті вендорды анықтау үшін серіктестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Ақорда кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Алмасадам Сатқалиев.

Ол екінші атом электр станциясын салу үшін негізгі серіктес ретінде қытайлық CNPC компаниясы қарастырылып жатқанын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы маңында салынады. Оған "Балқаш" деген атау берілген еді.

Былтыр тамызда Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы басталды.

Кейін Үлкен ауылында Қазақстандағы екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауға арналған жария тыңдау өтті.

Кейінірек премьер-министр Олжас Бектенов екінші атом электр станциясын да Алматы облысы аумағында салу туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстанда салынатын екінші АЭС қайда орналасады және ол қалай аталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.