jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Рахат Тұрлыхановқа қатысты жанжал: полиция қылмыстық істі тоқтатты

Рахат Тұрлыханов
Рахат Тұрлыханов. Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov

Полиция әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Оның жұбайы өз талап-шағымын қайтарып алған. Бұл туралы Алматы ПД-ның ресми өкіліне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек NUR.KZ тілшісіне әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық істі тергеу барысы туралы айтып берді.

Әзірбек аталған дерек бойынша Алматы қаласы Медеу ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын еске салды.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерделеніп, қажетті материалдар жинақталды және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес барлық тиісті процессуалдық әрекет жүргізілді.

Сонымен қатар арызданушы өз талап-шағымдарынан бас тартып, істі қарауға одан әрі қатысудан бас тартуына байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды", - делінген сауалға берілген жауапта.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда желіде әнші Рахат Тұрлыхановтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды.

Бұған қатысты Алматы ПД түсініктеме беріп, отбасылық жанжал фактісі бойынша қоңырау түскенін, полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, мән-жайды анықтау үшін жанжалға қатысы бар тұлғаларды аудандық полиция басқармасына жеткізгенін мәлімдеді.

Кейінірек бұл іске қатысты соттың шешімі белгілі болды.

Сот қаулысымен іс материалдары ҚР ӘҚБтК-нің 742-бабына сәйкес, жәбірленушінің құқық қорғау органдарына жүгінген кезде дене жарақатын келтіру туралы бастапқы арызын ескере отырып, қылмыстық жазаланатын әрекет белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін прокурорға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданды.

Рахат Тұрлыхановқа қатысты жанжал: полиция қылмыстық істі тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.