jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шымкентте мамырда бір реттік әлеуметтік көмек кімдерге беріледі

ақша ұстап отырған адам
Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент әкімдігі мамыр айында бір реттік әлеуметтік көмек кімдерге берілетінін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бір реттік әлеуметтік көмек арнайы қағидаға сәйкес, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен, қалалық мәслихаттың 2024 жылғы 19 наурыздағы шешімімен бекітілген және мерекелік, атаулы күндерге орай беріледі.

Сәуір мен мамыр айындағы мұндай көмек 1876 адамды қамтиды:

45 АЕК мөлшеріндегі (194 625 теңге) көмек:

  • 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясы апатының құрбандарын еске алу күніне орай 192 адамға;
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 181 адамға беріледі.

15 АЕК (64 875 теңге) көлеміндегі бір реттік төлем:

  • 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тыл еңбеккерлері саналатын 1280 адамға;
  • Ұлы Отан соғысы кезінде алған жарақаттан немесе аурудан қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына (60 адамға);
  • қаза тапқан әскери қызметшілердің 163 отбасына беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Жеңіс күніне орай Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілетінін жазған едік.

Шымкентте мамырда бір реттік әлеуметтік көмек кімдерге беріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.