Оралда "Ашық әңгіме" жастар форумы өтті
Жарияланған күні:
Орал қаласында 28 сәуірде "Заң мен тәртіп" идеологемасы аясында гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған "Ашық әңгіме" жастар форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – қоғамдағы гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін талқылау, оның алдын алу тетіктерін қарастыру және жастардың құқықтық санасын арттыру.
Шара барысында бірқатар сала мамандары өзекті тақырыптар бойынша баяндама жасады. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А.Семгалиева ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталды. Ал облыстық полиция департаментінің өкілі Д.Сатарова өңірдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы З.Хамзин жас отбасындағы әкенің рөлі мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін көтерді.
Форум ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар пікір алмасуға мүмкіндік алды. Жастар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2370936-oralda-ashyq-anggime-zhastar-forumy-otti/