jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"14,6 млн қазақ, 2,9 млн орыс": Қазақстанда саны бойынша қай ұлт өкілдері көп екені белгілі болды

қолдар
Қолдар. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елімізде қай ұлт өкілдерінің саны көп екені туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Бюроның хабарлауынша, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240

Жыл басындағы дерек бойынша елде саны бойынша ең көп ұлттар:

1. Қазақтар – 14 664 202

2. Орыстар – 2 943 022

3. Өзбектер – 695 557

4. Украиндар – 367 547

5. Ұйғырлар – 309 164

6. Немістер – 222 890

7. Татарлар – 218 361

8. Әзірбайжандар – 157 568

9. Кәрістер – 120 821

10. Түріктер – 93 234

11. Дүнгендер – 88 165

12. Беларустар – 73 788

13. Тәжіктер – 61 307

14. Күрдтер – 52 077

15. Қырғыздар – 41 459

Айта кетсек, қазақтар ең көп тұратын өңір – Түркістан облысы, онда 1,6 млн қазақ тұрады, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.

"14,6 млн қазақ, 2,9 млн орыс": Қазақстанда саны бойынша қай ұлт өкілдері көп екені белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.