jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңбыр, бұршақ жауып, үсік жүреді: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Иллюстрациялық фото: Allen J. Schaben / Los Angeles Times via Getty Images

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне яғни 2-4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидрмоет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Кезең бойы еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, ал 4 мамырда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Кезең бойы республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: батыста +17...+32°С-қа дейін, солтүстік-батыста +15...+30°С-қа дейін, солтүстікте +15...+23°С-қа дейін, орталықта +17...+27°С-қа дейін.

Жаңбыр, бұршақ жауып, үсік жүреді: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.