jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Бакуге бет алған ұшақ Қазақстаннан шұғыл қайтуға мәжбүр болды

Әуедегі ұшақ
Әуедегі ұшақ. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Бүгін, 3 мамырда Новосибирскіден Бакуге бет алған ұшақ Қазақстанға жете бере, кері қайтуға мәжбүр болды. Оған жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлауы себеп болған.

Mash Telegram-арнасының хабарлауынша, S7 әуекомпаниясының ұшағы төтенше жағдай орын алуы салдарынан Қазақстан үстінен ұшып бара жатып, кері қайтуға мәжбүр болған. Оған жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап кетуі себеп болған.

Рен ТВ дерегінше, S7 баспасөз қызметі жайтты және оның жоспардан тыс Омскіге қонғанын растаған.

"Новосибирскіден Бакуге бет алған S7 5579 рейсі расымен де жолаушының жағдайы нашарлап кеткендіктен жоспардан тыс Омскіге қонды", - делінген хабарламада.

Омск әуежайында жағдайы нашарлаған жолаушыны жедел жәрдем көлігіне тапсырғаны белгілі болды. Қазіргі таңда ұшақты қайта ұшып шығуға дайындап жатыр.

Бакуге бет алған ұшақ Қазақстаннан шұғыл қайтуға мәжбүр болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.