Алматыда қатты жауын салдарынан халықаралық әуежайды су басты (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда нөсер жауын салдарынан әуежайы ғимаратының кей бөлігін су басты. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай рейстер кестесіне әсер етпеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram әлеуметтік желісіндегі almatinec_live паблигінде видео жарияланып, онда Алматы әуежайында қызметкерлер нөсер жауын салдарын жою жұмыстарын жасап жатқанын көруге болады. Жарияланымда паспорт бақылауы аймағын су басқаны айтылған.
"Әуежай жұмысы тоқтап тұр. Кіретін және шығатын жерлер жабық. Жолаушыларды не кіргізбейді, не шығармайды", - деп жазылған видео сипаттамасында.
Аталған жағдай бойынша әуежайдың баспасөз қызметі пікір білдірді. Баспасөз қызметінің өкілдері нөсер салдарынан Т1 және Т2 терминалдары аймағында шатырдан су аққанын растап отыр.
"Қатты жауын-шашын салдарынан Т1 және Т2 терминалдарының кейбір аймақтарында шатырдан су ағу жағдайы орын алды. Ақау 30 минут ішінде жедел түрде жойылды. Жағдай рейстердің орындалуына әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта әуежай штаттық режимде жұмыс істеуде. Ақаудың себебін анықтау мақсатында, сондай-ақ алдағы уақытта мұндай жағдайдың болмауы үшін инфрақұрылымға қосымша тексеру жүргізілуде", - делінген әуежайдың ресми Telegram-арнасындағы хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2372592-almatyda-qatty-zhauyn-saldarynan-halyqaralyq-auezhaidy-su-basty-video/