jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

БҚО-да "Өсу капиталы": аймақтың жаңа мүмкіндіктері" инвестициялық форумы өтті

БҚО-да инвестициялық форум өтті
БҚО-да инвестициялық форум өтті. Фото: БҚО әкімдігі

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен "Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері" атты инвестициялық форум өтті, деп хабарлайды БҚО әкімдігі.

Жиынның мақсаты – бизнес қауымдастықпен өзара іс-қимылды нығайту және инвесторлардың құқығын қорғау. Іс-шараға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, ҚР Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Азамат Дүйсембеков, Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андақов және Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Жақыбаев қатысты.

БҚО-да инвестициялық форум өтті
БҚО-да инвестициялық форум өтті. Фото: БҚО әкімдігі

Форум аймақтағы оқу орындары мен іргелі кәсіпорындардың инновациялық жобалар көрмесімен ашылды. Онда инвесторлар тың бастамаларын таныстырып, экономикалық тиімділігіне назар аудартты. Ресми бөлімде аймақтың инвестициялық әлеуеті туралы бейнеролик көрсетіліп, жобалардың нақты нәтижелері баяндалды.

БҚО-да инвестициялық форум өтті
БҚО-да инвестициялық форум өтті. Фото: БҚО әкімдігі

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірде инвесторлардың құқығын қорғау және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша кешенді іс-шаралар атқарылып жатқанын атап өтті.

"Мемлекет басшысы инвестиция тарту ісін жүйелі жолға қойып, жобаларды әртараптандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Кешенді жұмыстар мен келіссөздер нәтижесінде кейінгі 3 жылда өңір экономикасына 2,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Прокуратура органдарымен бірлесе отырып, инвесторлардың құқығын қорғау шараларын жалғастыра береміз. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы тұрғындардың табысын арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін береді", — деді Нариман Төреғалиев.

БҚО-да инвестициялық форум өтті
БҚО-да инвестициялық форум өтті. Фото: БҚО әкімдігі

Форумда жылына 100 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салу, газтурбиналық электр стансасының құрылысы, "Еуразия" логистикалық хабын құру, фармацевтикалық препараттар шығару сияқты оңтүстіккореялық, қытайлық және ресейлік компаниялардың қатысы бар ірі жобалар талқыланды.

БҚО-да инвестициялық форум өтті
БҚО-да инвестициялық форум өтті. Фото: БҚО әкімдігі

Жиын соңында қалдықтарды өңдеу, энергетика, қонақ үй бизнесі және құс фабрикасын салу бойынша ынтымақтастық жөніндегі маңызды меморандумдарға қол қойылды. Құрылыс, машина жасау, металлургия және туризм салаларының дамуына үлес қосқан бірқатар компания басшылары арнайы марапаттарға ие болды.

БҚО-да "Өсу капиталы": аймақтың жаңа мүмкіндіктері" инвестициялық форумы өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.