jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Абайлаңыз кене: Алматыда биыл мыңға жуық адамды кене шаққан

Кене
Кене. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда соңғы аптаның ішінде 500-ден астам адамды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларды кене шаққан. Эпидемиологтар бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 19 пайызға көп екенін айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматыда кене шаққан адам саны артқан. Көктем шыққалы зиянкестер мыңға жуық адамды шаққан. Соңғы екі аптаның өзінде 500-ден астам адам медициналық көмекке жүгініпті. Оның жартысынан көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Сақтық шараларын қатаң сақтау дәл қазіргі жағдайда өте маңызды дейді эпидемиологтар.

Алматылық тұрғын Вера Таксидидің айтуынша, немерелерін аулада ойнатпас бұрын жабық киім-кигізіп, оларға арнайы спрей сеуіп шығарамын дейді. Өйткені саябақта кене қаптап жүр. Сондықтан қарапайым жеңі мен балағы ұзын киім кенеден қорғанудың қарапайым тәсілі екенін айтады. Жейденің де жеңін қымтап, балақты шұлықтың ішіне салып жүру де кенеден құтқарады.

"Біз бұл скверде жазда да, қыста да серуендейміз. Бірақ қазір онда кене көп. Үйден шығарда бәрімізге арнайы спрей сеуіп аламыз. Балаларды жалғыз жібермейміз. Қызым үйге келе сала, киімін шешіп, өзін тексереді. Біз де басын, құлағының артын – бәрін қарап шығамыз", - дейді Вера Таксиди.

Күн жыли бастағанда тиісті орындар қаулап өскен шөпті орып, дәрілеген еді. Соған қарамастан, кене шағып, ауруханаға түскен адамдардың легі толастар емес. Маусым басталғалы мыңнан астам адам улы жәндіктен зардап шеккен. Биыл жәндіктер, әдеттегідей, орман-тоғайда емес, қалада қаптаған. Сондықтан шаһарда дәрілеу кезеңі 26 наурызда басталып, орман алқаптары, саябақтар мен халық көп жиналатын демалыс орындары тазартылып жатыр. Қазірдің өзінде 250 гектардан астам жер өңделді. 

"Биыл кене шағу жағдайларының тіркелуі өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда ертерек басталды. Алғашқы жағдайлар наурыздың басында тіркелді, бұл күннің ерте жылынуына, кенелердің ерте белсенділігіне байланысты", - дейді Алматы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті өкілдері.

4 мамырдағы жағдай бойынша эпидемиологиялық маусым басталғалы 1142 адам жүгінген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға көп. Соңғы бірнеше жылға арналған апталық мониторинг деректеріне сәйкес, биыл медициналық ұйымдарға жүгінген адам саны орташа көпжылдық саннан аспайды. Кейбір жылы шағымның аздап өсуі байқалуы мүмкін, бұл климатқа, мысалы, ерте шыққан көктем мен күннің кенет жылынуына байланысты. Осы орайда эпидемиологтар халықты қарапайым сақтық шарасын сақтауға шақырады. Әсіресе, тауға шыққанда, үстіңді толық жауып тұратын киім киген абзал. Ал кене шаққан жағдайда жақын жердегі емханаға дереу барыңыз. Зиянкестерден қорғанудың бірден-бір амалы — екпе.

Абайлаңыз кене: Алматыда биыл мыңға жуық адамды кене шаққан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.