jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстандықтар дер кезінде қорғану үшін жеке деректерінің таралғаны туралы уақытылы хабардар болады

Ноутбук аллында отырған адам
Ноутбук аллында отырған адам. Иллюстрациялық фото: Kmatta/Getty Images

Мәжіліс жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша депутаттық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулердің жеке блогы дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздік мәселелеріне арналған, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, өзгерістер азаматтардың дербес деректерін қорғау туралы конституциялық норманы дамыту мақсатымен қабылданып жатыр.

Заң жобасында дербес деректер операторларының классификациясы енгізіледі. Олар өңделетін ақпарат көлеміне және сын-қатерлер деңгейіне қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді. Тиісінше, мұндай операторларға қойылатын талаптар да әртүрлі болады. Осылайша, дербес деректер саласында сын-қатерге бағдарланған реттеу моделі енгізіледі.

Сондай-ақ таралып кеткен дербес деректер тізілімі енгізіледі. Мемлекеттік ақпараттық жүйе аясында әрбір азамат өзінің қай дербес дерегі ашық қолжетімділікте болуы мүмкін екенін немесе тарап кетуге байланысты қиындыққа ұшырауы ықтимал екенін тексере алады. Бұл адамдарға өз деректерін қорғау бойынша дер кезінде шара қабылдауға жол ашады.

Қосымша дербес деректерді жариялау және алмасу кезінде оларды қорғау талаптары күшейтіледі. Атап айтқанда, құжаттарды ашық жариялау міндетті болған жағдайда дербес деректерді бүркеу және хеш-код пайдалану, сондай-ақ операторлар арасында алмасу кезінде дербес деректерді шифрлау туралы талаптар енгізіледі.

Сонымен қатар азаматтардың дербес деректерін көпшілікке ашық көздерде жариялауға келісім беру талаптары нақтыланады. Енді келісімде адамның өз дербес дерегін ашық жариялауға рұқсат беретіні не бермейтіні бөлек көрсетілуге тиіс.

Бұдан бөлек, цифрлық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне мемлекеттік бақылау жасау функциялары қайта бөлінеді. Мұндай объектілерді басқару саясаты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құзыретінде қалады. Бұл ретте мемлекеттік бақылау функцияларын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру ұсынылады.

Қазақстандықтар дер кезінде қорғану үшін жеке деректерінің таралғаны туралы уақытылы хабардар болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.