jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Қызылордада 240 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Отан қорғаушылар күні қарсаңында қала әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен сол жағалаудағы 240 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй кешенін иелеріне табыстау рәсімі өтті. Оған мәслихат депутаттары және зиялы қауым өкілдері, ел ағалары қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Президент өз Жолдауында: "Елімізде бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеу қажет. Негізгі қағидат – тұрғындар, әсіресе, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру" деген болатын.

Мемлекет басшысының, үкіметтің тұрақты қолдауының арқасында, облыс әкімінің үйлестіруімен бұл бағыттағы жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Соның нәтижесінде шаһарымызда жыл басынан бері 655 отбасы қоныс тойын тойлады.

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл соңына дейін тағы 1 581 пәтер пайдалануға беріледі. Биылдың өзінде бюджеттен тұрғын үй құрылысына 58 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 31 көпқабатты үй салынады. Оның 945 пәтері ипотекалық, 1336 пәтері әлеуметтік осал топтарға арналған.

Кейінгі жылдары қаламызда заманауи жаңа дизайнмен жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

Бүгін міне, өздеріңізбен бірге айтулы мерекелер қарсаңында 6 көпқабатты тұрғын үй кешенін пайдалануға беру үшін жиналдық. 4 млрд 500 млн теңгеге салынған бұл кешеннің аумағы 15 600 шаршы метр, құрылысты Сыр өңірінде талай жылдан бері қолтаңбасы қалған мердігер мекемелер салды.

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қоныстарыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз жылулық пен мейірімге, балалардың шат күлкісіне толсын. Сіздерге жақсылық, ынтымақ пен бірлік, амандық тілейміз. Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!", – деді қала әкімі.

Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылордада көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жиында тұрғын үйді сапалы етіп салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев сөз сөйледі.

Қызылордада 240 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.