jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жамбыл облысында жоғалған малшыны іздеу жұмыстары аяқталды (видео)

құтқарушылар
Іздестіру-құтқару жұмыстары. Фото: t.me/qr_tjm

Жамбыл облысында бес күн бұрын жоғалған малшыны іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ өкілдерінің мәліметінше, бүгін, 7 мамырда Жамбыл облысының Меркі ауданында жоғалған 1982 жылы туған малшыны іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.

Ер адам 2 мамырда Тәтті ауылынан 40 шақырым қашықтықтағы құмды аймақта орналасқан қыстақтан мал жаюға шығып, хабар-ошарсыз кеткен.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы қызметкерлері, кинологиялық есептоптар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және "Қазавиақұтқару" АҚ авиациясы жұмылдырылды.

Малшы жоғалған жерден 35 шақырым қашықтықтағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан табылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар құтқарушылар жоғалған малды тапты. Ер адам медициналық көмекті қажет еткен жоқ.

Жамбыл облысында жоғалған малшыны іздеу жұмыстары аяқталды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.