Жаңбыр, бұршақ, найзағай: синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
8 мамырда түнде Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
8 мамырда күндіз Алматы облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында желдің екпіні 18 м/с болады. Күндіз күн қатты ысиды, ауа температурасы 36 градусқа дейін жетуі мүмкін. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қаупі бар. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) 8 мамырда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.
8 мамырда түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болатын жел күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.
8 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Абай облысының батысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша күн 38 градус ыстық болады күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болад. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының шығысында түнде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
8-9 мамырда күндіз Жетісу облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 08-10 мамырда облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында 8 мамырда түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында 8 мамырда түнде аймақтың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-барады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада 8 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2374209-zhangbyr-burshaq-naizagai-sinoptikter-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialady/