Германияға бағыт алған Air Astana ұшағы Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды
Жарияланған күні:
Бүгін Астана – Франкфурт бағыты бойынша ұшып шыққан Air Astana ұшағы Ақтөбеге қонуға мәжбүр болған. Әуекомпаниясы мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуе тасымалдаушысының баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамырда Астана – Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08:54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11.34-те Ақтөбеге қонған.
"Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады. Қону штаттық режимде өтті", - делінген хабарламада.
Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуекомпания Алматыдан резервтік ұшақ жіберген және рейстің жолаушылармен Ақтөбе қаласынан ұшуы бүгін 14.20-ға жоспарланған.
"Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуекомпаниясының басты басымдығы. Әуекомпаниясы жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2374416-astanadan-frankfurtka-bagyt-algan-ushaq-aqtobege-qonuga-mazhbur-boldy/