jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жаңбыр, - 6 градусқа дейін үсік: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Иллюстрациялық фото: Bo Zaunders/Getty Images

Синоптиктер 9-11 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері ел аумағының басым бөлігінде күн райының тұрақсыз сипаты сақталады – жаңбыр, найзағай күтіледі.

9 мамырда Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10-11 мамыр күндері шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.

Сондай-ақ ел аумағында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. 11 мамырда республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта -1...-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндіз ауа температурасы:

  • батыста +13…+28°С;
  • солтүстік-батыста +10…+18°С;
  • солтүстікте +5…+13°С;
  • орталықта және шығыста +8…+18°С;
  • оңтүстікте +17…+26°С;
  • оңтүстік-шығыста +15…+22°С;
  • таулы аудандарда +8…+13°С шамасында болады.
Жаңбыр, - 6 градусқа дейін үсік: демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.