jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақ жігіті Лондондағы аудандардың біріне мэр болып сайланды (видео)

Санжар Әбішев
Санжар Әбішев. Фото: instagram.com/sanabishev

Лондонда Санжар Әбішев есімді этникалық қазақ Консервативті партия атынан сайлауға түсіп, нәтижесінде қала аудандарының біріне мэр болып сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы әлеуметтік желіден белгілі болды. Жаңалықты Instagram желісінде қазақстандық кәсіпкер Қанат Көпбаев хабарлады.

"Қазақ жігіт Лондондағы St. James ауданының мэры болып сайланды!

Менің ескі досым, кәсіпкер Азат Абишевтың ұлы Санжар небәрі 33 жаста. Лондондағы атақты Malvern коллежін, сосын университет бітіріп, енді қалалық Westminster City council атқарушы органына мүше болып енді. Консервативті партия өкілі ретінде, бас бәсекелес лейбористерден 350 дауысқа озып шықтық.

Құтты болсын Санжар Азатұлы, үлкен саяси шыңдардан көріне бер!", - деп жазды ол.

Айта кету керек, City of Westminster сайтында Вестминстерлік қалалық кеңестегі сайлаудың нәтижелері жарияланған. Онда Вестминстер құрамына енетін Сент-Джеймс ауданында Консервативті партия атынан сайлауға түскен Сэн Абишев жеңіске жеткені нақтыланған. Ол 974 дауыс жинаған.

Санжар Әбішевтің Instagram желісіндегі парақшасында қалалық кеңеске сайлауға түскеніне қатысты ақпараттарды көруге болады.

Қазақ жігіті Лондондағы аудандардың біріне мэр болып сайланды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.