jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың досына жазған хаты жарияланды (видео)

Әлия Молдағұлова жазған хаттар
Әлия Молдағұлова жазған хаттар. Видеодан кадр: 24KZ

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың досына жазған хаты жарияланды. Қазақтың қайсар қызы балалар үйінде бірге өскен досына соғысқа аттанғалы тұрғанын жазған, деп хабарлайды 24KZ арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, Әлия Молдағұлова жазған хаттармен Ақтөбедегі батырдың мемориалдық мұражайында танысуға болады.

Әлия Молдағұлова нағашылары Сапура және Бисембай Қабиевпен жиі хат алмасқан. Мұражайда батырдың жеті хатының көшірмесі бар.

Ал ұмыт қалған сегізінші хатты мәдениет ошағының мамандары мемлекеттік архивтен алып, көпшілік назарына ұсынған. Хат белгілі журналист, деректі фильмдердің сценарисі Сейілхан Асқаровтың жеке мұрағатында болған.

Хатта Әлия Молдағұлова Олег есімді бала күнгі досына жақын арада Отан қорғауға аттанатынын қуанышпен хабарлаған.

"Мен снайперлер мектебінде оқып жүрмін. Әрі қарай Отан қорғауға барамын. Бірнеше рет әскери комиссариатқа бардым, жасым келмегендіктен қайтарып жіберді. Бірақ менің өзімнің табандылығымның арқасында осыған қол жеткіздім", - деп сондай қуанышын бөліскен.

Сонымен қатар белгілі жазушы Аркадий Гайдардың сөзін де келтіріп жазған. "Сол үндеу маған өте әсерлі болды және менің де өміріме әсерін берді", - деп Олегке жазады", - дейді "Әлия" мұражайының қызметкері Айсұлу Тұралиева.

Телеарнаның мәліметінше, бұл – шамамен 1943 жыл. Әлия Молдағұлова мергендер мектебінің үздік түлегі атанған кезі. Досына сәлемі мен ықыласын, туған жерге деген махаббатын бас-аяғы 15 сөйлемге сыйдырған батыр қыз көп ұзамай 54-ші арнайы атқыштар бригадасының қатарында майданға аттанады.

Мәскеу мен Ленинградта білім алған Әлия Молдағұлованың хаттары туған жерге деген ыстық ықыласқа толы. Отан үшін от кешіп, жанын қиюға бар екенін мына бір газет қиындысында жазылған бір шумақ Абайдың өлеңімен жеткізген:

Бұл өмірдің қызығы махаббатпен

Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен

Арттағыға сөзің мен ісің қалса

Өлсеңде өлмегенге боласың тең.

Мемориалдық мұражайда Әлия Молдағұлова жазған хаттардан бөлек, ол дүниеге келген Бұлақ ауылынан бастап қоршауда қалған Ленинград, Казачиха ауылы маңындағы ақырғы шайқасы сияқты өмір жолы туралы толық мағлұмат алуға болады.

Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың досына жазған хаты жарияланды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.