jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Алматыда Жеңіс күні аталып өтіп, соғыс қаһармандарының рухына тағзым етілді

Жеңіс күніне орай мерекелік шара
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай еске алу және мерекелік іс-шаралар өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Негізгі бағдарлама дәстүрлі түрде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ұйымдастырылды.

Мұнда қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Майданда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Жеңіс күніне орай мерекелік шара
Фото: Алматы әкімдігі

Саябақта қала тұрғындары мен қонақтары үшін дала асханасы ұйымдастырылып, қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтті. Бағдарлама барысында майдан әндері мен соғыстан кейінгі жылдардың танымал композициялары орындалды.

Жеңіс күніне орай мерекелік шара
Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және азаматтардың өзге де санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Жеңіс күніне орай мерекелік шара
Фото: Алматы әкімдігі

Атап айтқанда, 15 ҰОС ардагеріне 5 млн теңгеден төлем берілді. Сондай-ақ әскери іс-қимылдарға қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне, ардагерлерге теңестірілген тұлғаларға және қайтыс болған ардагерлердің жұбайына материалдық қолдау көрсетілді.

Алматыда Жеңіс күні аталып өтіп, соғыс қаһармандарының рухына тағзым етілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.