Батысқазақстандықтар батырлар рухына тағзым етті
Жарияланған күні:
Бүгін БҚО тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті, деп хабарлайды БҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімін облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен соғыс ардагері Константин Кочережкин бастады.
Батыс Қазақстан облысынан қан майданға 76 мың азамат аттанса, соның жартысына жуығы оралған жоқ. Жеңіс үшін күрес – батыр буынның жүріп өткен ортақ жолы.
Еске алу шарасына жиналғандар ата-бабаларының ерлігін дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын көрсетті.
Айта кетейік, бүгінде облыста 6 соғыс ардагері, 1,5 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Жеңістің 81 жылдығына орай оларға және екінші дүниежүзілік соғысқа қатысы бар өзге санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2374863-batysqazaqstandyqtar-batyrlar-ruhyna-tagzym-etti/