jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

БҚО әкімі майдангерлерге мемлекет басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді

БҚО әкімі майдангерлерді құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Жеңіс күніне орай БҚО әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Соғыс және еңбек ардагері Вениамин Скаленко Бөрлі ауданында дүниеге келген. 17 жасында әскер қатарына алынып, майданға аттанды. 98-гвардиялық әуе-десанттық Свирь дивизиясы құрамында болды. Будапешт, Вена және Братислава қалаларын азат етуге қатысқан. Зайыбы Ксения Федосеевна – тыл ардагері.

БҚО әкімі майдангерлерге мемлекет басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді
Фото: БҚО әкімдігі

Соғыс және еңбек ардагері, Халық қаһарманы Иван Гапич 1923 жылы Ақмола облысында дүниеге келіп, Алматыда білім алған. Ол майдан даласында Польшаны, Чехословакияны, Украинаны азат етуге қатысты. Мәскеуде өткен әйгілі Жеңіс шеруінде болды. Соғыстан кейінгі жылдары прокуратура органдарында еселі еңбек етті. Сала ардагеріне ҚР Бас прокуроры Берік Асыловтың құттықтау хаты табысталды.

БҚО әкімі майдангерлерді құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Облыс әкімі майдангерлерді мерекемен құттықтап, амандығын тіледі. Нариман Төреғалиев ерлікпен, еңбекпен өрілген өмір жолы қайсар рух пен отансүйгіштіктің озық үлгісі екенін айтты.

БҚО әкімі майдангерлерді құттықтады
Фото: БҚО әкімдігі

Отан үшін от кешкендердің құрметіне оркестр Жеңіс әндерін шырқады. Соғыс және еңбек ардагерлері құттықтай келгендерге ақ батасын беріп, елдің амандығын, жердің тұтастығын тіледі.

БҚО әкімі майдангерлерге мемлекет басшысының мерекелік құттықтауын жеткізді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.