Астана әуе кеңістігіндегі жойғыш ұшақтар: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Қорғаныс министрлігі өкілдері 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығуы басталатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінің Telegram желісіндегі арнасының хабарлауынша, Астанада 15 мамырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің жоспарлы іс-шаралары аясында қала үстінде жойғыш ұшақтардың демонстрациялық ұшуы өтеді.
Іс-шараға дайындыққа байланысты 10 мамырдан бастап елорда әуе кеңістігінде әскери авиацияның жаттығулары басталады.
"Жойғыш ұшақтардың ұшуы мен жаттығу іс-шаралары қауіпсіз биіктікте жүзеге асырылады және қала тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен демонстрациялық ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің артуына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, барлық ұшу қауіпсіздік талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылады және халыққа ешқандай қауіп төндірмейді және түрлі-түсті түтіндерді пайдалану тек демонстрациялық сипатқа ие және қоршаған ортаға зиянды әсер етпейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2374983-astana-aue-kengistigindegi-zhoigysh-ushaqtar-qorganys-ministrligi-malimdeme-zhasady/