jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Нөсер, қатты жел: құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады

жауын
Жауынды күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматылық құтқарушылар 11 мамырда қалада жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтілуіне байланысты тұрғындарды тауға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің хабарлауынша, 11 мамырда Алматыда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей уақытта секундына 15-18 метрге дейін жетуі мүмкін.

Іле Алатауының таулы аймақтарында, оның ішінде Ақсай және Үлкен Алматы өзендері алаптарының аумақтарында 11 мамырда жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетеді.

"Алматы қаласының ТЖД тұрғындар мен қала қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды және дауылды ескерту кезеңінде тауға шығудан бас тартуды ұсынады.

Қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты тауға шығуды кейінге қалдыру ұсынылады.

Қатты жел кезінде тұрғындарға автокөліктерін ағаштардың астына қалдырмаңыз", - делінген ескерту мәтінінде.

Сондай-ақ ТЖД өкілдері екпінді жел күшейген кезде:

  • ғимараттан мейлінше шықпауға тырысуға (мүмкіндігінше үй ішінде болу);
  • үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабуға;
  • ауладан, ашық балкондар мен лоджиялардан тұрғын үйге зиян келтіруі мүмкін заттарды алып қоюға;
  • көшеде жүрген жағдайда жақын маңдағы кіреберісті немесе дүкенді паналауға;
  • жарнамалық тақталардың, ағаштардың, аяқталмаған құрылыстардың астына және ғимарат қабырғаларының жанына жасырынбауға (себебі шатыр материалдары мен басқа да заттардың құлау қаупі бар);
  • қатты жел кезінде электр беру желілерінің астында тұрмауға кеңес береді.
Нөсер, қатты жел: құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.