jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Мешітте түнеген: Астанада жоғалған жасөспірім қала сыртындағы тасжолдан табылды

Жасөспірім
Жасөспірім. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Астанада 9 мамырда жоғалған жасөспірім қала маңындағы ауылдардың бірінен табылды. Ата-анасымен арадағы келіспеушілік салдарынан ол үйінен кетіп, мшітте түнеген, деп хабарлайды ІІМ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство хабарлауынша, 9 мамыр күні полицияға кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы арыз түскен. Ата-анасы жасөспірім бір күн бұрын қосымша сабаққа кетіп, үйіне оралмаған. Кейін ол ата-анасымен түсінісе алмағандықтан, өз еркімен үйден кетіп қалғаны белгілі болған.

"Іздестіру барысында кәмелетке толмаған баланың автобуспен соңғы аялдамаға дейін барып, кейін тасжол бойымен жаяу жүргені анықталды. Жасөспірім Ақжар ауылындағы мешітте түнеп шыққан. Полицейлер жергілікті тұрғындар мен жол бойындағы жүргізушілерден жауап алып, оның әрі қарай жүрген бағытын анықтады. Нәтижесінде полицейлер жасөспірімді қала сыртындағы тасжол бойынан тауып, аман-есен ата-анасына тапсырды", - делінген хабарламада.

Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Мешітте түнеген: Астанада жоғалған жасөспірім қала сыртындағы тасжолдан табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.