jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

БАҚ: Түркияда 27 жастағы қазақстандық көз жұмды

Аурухана палатасы
Аурухана палатасы. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Анталияның танымал курорттық аймағында қазақстандық азаматтың қатысуымен болған жол апаты адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Ihlas Haber Ajansi агенттігіне сілтеме жасаған BAQ.KZ.

27 жастағы Кубат Аманбеков бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Ол велосипедпен кетіп бара жатқан кезде такси қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 8 мамыр күні түнгі сағат үш шамасында Серик ауданындағы туристік жолда болған. Такси жүргізушісі түсініктеме беру үшін полиция бөліміне жеткізілген.

Кубат Аманбеков Қазақстан тумасы болған, соңғы бірнеше жылда Түркияда жұмыс істеп жүрген.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазір оның туыстары мен достары мәйітті елге қайтару мәселесін шешіп жатыр.

БАҚ: Түркияда 27 жастағы қазақстандық көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.