jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қарағанды облысында 70-тен аса ауыл ішімдіктен бас тартты

Арақ-шарап
Арақ-шарап. Көрнекі фото: pexels.com

Қарағанды облысындағы 70-тен аса ауыл арақтан түбегейлі бас тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірде "Ішімдіксіз ауыл" жобасының көкжиегі кеңейіп келеді. Елдімекендердегі дүкендерде алкогольдік өнім мүлде сатылмайды. Той-томалақ та шарапсыз өтеді. Ащы судан сап тыйылған ауылда қазір оң өзгерістер өте көп. Жастардың дені спортқа бет бұрған. Соңғы жылдары ешқандай тәртіп бұзушылық пен тұрмыстық қылмыс тіркелмеген. Жоба аясында ауыл ақсақалдары мен полиция қызметкерлері күш біріктіріп, ішімдіктің таралуына қарсы күрес жүргізіп жатыр.

"Ішімдіксіз ауыл жобасы" жүзеге асқан елдімекендерде соңғы жылдары қылмыс деректері нөлге дейін төмендеген. Кейбір ауылдар да бір жыл емес, тіпті бірнеше жыл қатарынан заңбұзушылық тіркелмеген. Ағымдағы жылдың 4 айы бойынша мас күйінде жасалынған қылмыс саны облыс бойынша 17,8 пайызға төмендеген. Жобаның негізгі мақсаты – ішімдіктің таралуын шектеу, қылмыстың алдын алу және халықты салауатты өмір салтына көшіру", – деді полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының инспекторы Дәурен Ибраев. 

Қарағанды облысында 70-тен аса ауыл ішімдіктен бас тартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.